Accessibility links

АҚШ осы жылы Қандағардағы талибандарға қарсы соққы береді


АҚШ ресмилерінің айтуынша, Құрама Штаттар әскерилері осы жылдың соңында Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында талибандарға қарсы операциялар жүретін болады деді.

Обама әкімшілігінің ресми өкілі Ауғанстанның Маржа қаласындағы талибандарға қарсы соққы осы жылдың соңында Қандағар қаласында жалғасын табады деген.

Қандағар Ауғанстандағы екінші үлкен қала. АҚШ күштері 2001 жылы Ауғанстандағы талибан режимін құлатқанымен, аймақта талибан бүлікшілері бекінген. Бейсенбі күні АҚШ бастаған НАТО күштері Маржа қаласына бақылауды алдық деп, бұл қалаға Ауғанстан туын тіккен.
XS
SM
MD
LG