Accessibility links

Францияда қарулы баск жікшілдерінің жетекшісі ұсталды


Бүгін Францияның солтүстігінде "ЭТА" баск жікшілдерінің жетекшісі мен екі мүшесі қолға түсті.

Испанияның Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламаға қарағанда, баск жікшілдерінің жетекшісі Ибон Гогеаскоечеа 1997 жылдан бері іздеуде болған. Оған Бильбаода террорлық шабуыл дайындады деген айып тағылған.

Қарулы жікшіл топтың мүшелерін қолға түсіру франциялық және испаниялық полицияның бірлескен операциясының арқасында жүзеге асты.

Испаниядағы "ЭТА" тобы 1960 жылдардан бастап баск мемлекетін құру жолында қарулы қақтығысқа барып келеді. Осы кезден бері олар жасаған шабуылдар мен жарылыстан 850 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG