Accessibility links

Украинаның жаңа президенті бүгін Брюссельге барады


Украина президенті Виктор Янукович бүгін мемлекет басшысы қызметіндегі алғашқы жұмыс сапарын Бельгияға жасайды.

Еуропалық Одақ ұйымының астанасында украиналық президент Еурокомиссияның басшысы Жозе Мануэл Баррозумен және Еуропарламент төрағасы Ежи Бузекпен кездеседі.

Еуропарламент 25 ақпанда өткен Януковичтің инаугурациясында Украина Еуропа Одағына мүшелікке өтуге өтініш берсе болады деп мәлімдеді.

5 наурызда Украина президенті Мәскеуге барады. Янукович осы сапары барысында ресейлік газ бағасын түсіру мәселесін көтереді деп хабарлады Азаттық тілшісі.
XS
SM
MD
LG