Accessibility links

Чили: цунами туралы ескертпеу қателік болды


Чилидің қорғаныс министрі Франциско Видал жер сілкінісінен кейін цунами болатындығын халыққа ескертпеген әскери теңіз күштері қателік жасады деп мәлімдеді.

Хабарларға қарағанда, елдегі табиғат апаттарынан 708 адам қаза болды. Жер сілкінісі мен содан кейінгі цунамиге ұшыраған Конститусьон балықшы ауылының 300-ге жуық тұрғыны опат болды.

Жер сілкінісінен қатты зардап шеккен аудандарда коменданттық сағат енгізілді. Чили президентінің айтуынша, құрбан болғандар саны өсуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG