Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстардан 6 адам құрбан болды


Ресмилердің айтуынша, бүгін Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған екі бомба жарылысынан кемінде 6 адам қаза тапты. НАТО көлігіне бағытталған алғашқы шабуыл Қандағар қаласының шетінде болған. Бұл жанкештілік жарылыстан 4 ауған азаматы мен бір НАТО сарбазы құрбан болды дейді ресмилер.

Қандағардағы негізгі полиция бекеті жанында орын алған екінші шабуылдан бір полиция қызметкері қаза тауып, шамамен 16 адам жарақат алған.

АҚШ пен НАТО және ауған күштері Хелманд өлкесінде Талибан бүлікшілеріне қарсы кең ауқымды операцияларын жүргізуде.
XS
SM
MD
LG