Accessibility links

Еуропалық интеграция Украина сыртқы саясатының басты мақсаты болмақ


Украина президенті Виктор Янукович өзінің сыртқы саясатының басты мақсаттарының бірі "еуропалық интеграция" болатынын атап көрсетті. Бұл туралы ол дүйсенбі күні Брюссельде өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Украинаның жаңа президенті ретінде алғашқы шетелдік сапарын Еуропа Одағынан бастаған Янукович ЕуроОдақ ресмилерімен, олардың ішінде Еуропа Одағының президенті Херман Ван Ромпумен, Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэл Баррозумен және ЕуроОдақ парламентінің президенті Ежи Бузекпен келіссөз өткізді.

Осы аптаның аяғында Янукович Ресей басшыларымен кездеседі деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG