Accessibility links

Қазақстанға Румыния президенті келеді


Бүгін Қазақстанға екі күндік сапармен Румыния президенті Траян Бэсеску келеді. Траян Бэсеску Қазақстан президентімен кездесіп, халықаралық ұйымдар аясында екі ел арасындағы әріптестік пен өзара қарым-қатынас мәселесі талқыланады деп күтілуде.

Сапар барысында Траян Бэсеску Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының ұстаздары мен тыңдаушыларымен кездесіп, Қарағандыдағы Спасск мемориалдық кешенін аралайды және Қазақстандағы румын диаспорасымен жүздеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG