Accessibility links

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Алма-Ата инфо» газетін тіркеуден алып тастады


«Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті, «БАҚ туралы» заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес, комитет төрағасының бұйрығымен «Алма-Ата инфо» басылымын тіркеуден алып тастағаны туралы хат алдым», - деп хабарлады газеттің бас редакторының орынбасары Раушан Есіргепова Азаттық радиосына.

2009 жылдың қазан айында Раушан Есіргепова Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Алма-Ата инфо» басылымның шығарылуын уақытша тоқтата тұруды сұрап өтініш берген. Ондай өтініш беруге басылымның бас редакторы Рамазан Есіргеповтың сот үкімімен үш жылға түрмеге қамалуы және соған байланысты редакцияның қаржы қиындығына кезігуі себеп болған.

«Алайда, ақпан айының соңында министрліктен келген жауапта басылымның сотсыз әрі меншік иесінің рұқсатынсыз жабылғандығы белгілі болды», - дейді Раушан Есіргепова.

XS
SM
MD
LG