Accessibility links

Медведев: Ресей Иранға қарсы санкцияларға қайта оралуы мүмкін


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің айтуынша, егер Иранның ядролық бағдарламасына байланысты халықаралық алаңдаушылықты азайтуға салынған күш-жігер сәтсіз болып жатса, Ресей Теһранға қарсы қатаң санкциялар салу мүмкіндігін қарастырады.

Бұл туралы Медведев дүйсенбі күні Парижде франциялық әріптесімен кездесуден кейін айтты. Медведев санкцияларды болдырмау мүмкіндігін айта келе, бірақ дипломатиялық келіссөздер сәтсіздікке ұшыраса, Иранға қарсы БҰҰ-ның қандайда бір санкциясы өте қатаң болуы керек және ол ирандық халықты нысанаға алмауы тиіс деді.

Франция мен Құрама Штаттар уран байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартып отырған Теһранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа санкциялар салуына шақырып келеді. Басында Ресей Ислам республикасына ядролық мәселесіне қатысты төртінші қайтара санкция салуды қолдамай келген.
XS
SM
MD
LG