Бүгін Қытай Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дағдарысты шешу үшін әлі де келіссөздерге орын бар деді.
Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің бұл мәлімдемесі Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеу Иранға қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыруға дайын деген соң айтылып отыр.
Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді. Оны Теһран жоққа шығарып, ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтып келеді.
Қытай Иранға жаңа санкциялар салуға қарсылық танытып келген. Ресейде осыған дейін Теһранға қарсы санкцияларға келіспей келген болатын.