Accessibility links

Медведев Францияны Ресей экономикасын жаңғыртуға шақырды


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев франциялық инвесторларды Ресей экономикасын жандандырып, бүгінгі заманға сай жаңашаландыруға шақырды.

Медведев бұл үндеуін Францияға сапарының екінші күнінде айтып, Францияны Ресейдің «теңдесі жоқ» әріптесі деп атады. Дүйсенбі күні президент Медведев Ресейге Францияның инвестиция салуы өсе түсті деген.

Екі елдің президенттері Ресейге Францияның 4 соғыс ұшағын сату келіссөздері басталғанын растады. Бұл келісім жасалатын болса, НАТО-ға мүше ел мен Ресей арасындағы бірінші сауда келісімі болады. Сонымен қатар тараптар басқа да келісімдері оның ішінде Францияның табиғи газ компаниясының «Солтүстік ағыс» құбыржолы жобасынан тоғыз пайыз үлесті иелену келісімі жасалғанын айтты.
XS
SM
MD
LG