Accessibility links

Украина парламенті одақтас үкімет тарағанын хабарлады


Украина парламентінің спикері премьер-министр Юлия Тимошенко жетекшілік ететін одақтас үкімет құлады деп мәлімдеді. Бірақ Тимошенко үкімет кеңсесінде қалып отыр.

Ел парламенті жаңа одақтас үкіметті жасақтау басталғанша, бұрынғы одақтас үкіметке сенімсіздік танытып, оны тарату жөнінде жариялау керек. Тимошенко үкіметіне сенімсіздік танытып, дауыс беру сәрсенбі күні өтеді.

Парламенттік фракциялардың жаңа үкіметті құруға 30 күн уақыты болады. Егер ол күні үкіметті жасақтап болмаса, президент Виктор Янукович парламентті таратып, кезектен тыс сайлаулар өткізуге шақырады.
XS
SM
MD
LG