Accessibility links

Пәкістандық ғалым әл-Қаиданың идеологиясына қарсы қаулы шығарды


Бүгін мұсылмандардың жетекші ғалымы әл-Қаиданың қақтығысты идеологиясына қарсы ислам қаулысын шығарды.

Тегі пәкістандық Тахир-ул-Қадри өзінің 600 беттік фетуасы, яғни мұсылман муфтиінің шешімі деген террорлық әрекетті оның ішінде жанкештілікті діни тұрғыда ақтауға қарсы қаулы болып табылады деді.

Ислам діні жанкештілік жарылыстар мен бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарды қатты айыптайды. Діни маманның айтуынша, қаскүнемдердің әрекеті исламға жатпайды, басқаша айтқанда олар сенімі жоқтар. Қадри халықаралық ислам қозғалысы мен Минхадж-ул-Қуран үкіметтік емес ұйымын құрған. Оның таратқан құжаты Пәкістанда көбейіп кеткен жанпидашылық шабуылдарға қатысты шығып отыр.
XS
SM
MD
LG