Accessibility links

БҰҰ-ның соты Караджичтің сотын тағы кейінге қалдырды


Бүгін БҰҰ-ның соғыс қылмыстары жөніндегі соты босниялық серб қолбасшысы Радован Караджичтің екі күндік мәлімдемесінен кейін, оның сотын тағы кейінге қалдырды. Оның қашан жалғасатыны туралы айтылмады.

1992-1995 жылдары адамзатқа қарсы жасаған қылмыстар мен геноцид айыптары бойынша Караджичке 11 жыл түрме жазасы берілуі мүмкін. Оның соты төрт айлық үзілістен кейін дүйсенбіде қайта басталған болатын.

Бүгін Караджич соғыс қылмыстары жөніндегі сот алқасына босниялық сербтер 1992-95 жылдардағы соғыс кезінде мұсылман биліктерінің құрбаны болды деген. Өзін қорғап сөйлеген мәлімдемесінің екінші күнінде Караджич сербтердің соғыстағы негізгі айыбын мойындамады.
XS
SM
MD
LG