Accessibility links

Румыния президенті Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізуге қолдау білдірді


Бүгін Румыния президенті Траян Бэсеску екі күндік сапармен Қазақстанға келді. Ол қазақстандық әріпесімен кездесуде, Астананың төрағалығы кезінде ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу жоспарына қолдау танытты.

«Біз ЕҚЫҰ-на мүше елдердің соңғы саммитіне 11 жыл болған соң, ондай саммитті Астанада өткізетін уақыт келді деп есептейміз» деген Бэсеску.

Румыния президенті Қазақстанды ЕҚЫҰ-на төрағалығымен құттықтап, Румынияның 2001 жылы бұл ұйымға төраға болу тәжірибесі болды, төрағалықтан кейін Бухарест халықаралық аренада айқын көріне бастады, бізде сіздерге соны тілейміз деді.

Сапар барысында Траян Бэсеску Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының ұстаздары және тыңдаушыларымен кездесіп, Қарағандыдағы Спасск мемориалдық кешенін аралайды және Қазақстандағы румын диаспорасымен жүздеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG