Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу мемлекеттік қаржыны сауықтыру іс-шаралары жүргізілмесе елде дефолт болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Парламентте баяндама жасаған Папандреу бюджет дефициті 12 пайыздан асып кеткен елдегі жағдайды «әскери жағдайға» ұқсас деп сипаттады.
Грекия премьер-министрінің айтуынша, сәрсенбі күні үкімет жағдайды тұрақтандыруға арналған жаңа қатаң іс-шаралар туралы жариялайды. Атап айтқанда, салық көтеріліп, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы тағы да қысқартылуы мүмкін. Осы іс-шаралардың қабылдануын Еуропалық Одақ Афиныдан талап етіп келеді, өйткені Грекиядағы жағдай еуропалық біртұтас валюта – евроға қауіп төндіруі мүмкін.