Accessibility links

Украина парламенті Тимошенко үкіметінің отставкасын қарайды


Украина парламенті бүгін Юлия Тимошенко үкіметінің отставкасы туралы мәселені талқылауды жоспарлап отыр.

Президент Виктор Янукович басқаратын Аймақтар партиясының депутаттары осындай жобаны Жоғарғы Радаға ұсынды. Құжатта қазіргі үкіметтің елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына жауапкершілігі туралы айтылады.

Сейсенбі күні Украинада Юлия Тимошенконың, Владимир Литвиннің және «Біздің Украина – Халықтың өзін қорғауы» блоктарын біріктіретін коалицияның ыдырағаны жария болды.
XS
SM
MD
LG