Accessibility links

Обама Конгресті денсаулық сақтау реформасын тездетуге шақырады


АҚШ президенті Барак Обама Конгресті денсаулық сақтау жүйесін реформалау туралы заңды тезірек бекітуін сұрауды көздеп отыр.

Ақ үй өкілінің айтуынша, Обама бүгін Конгресте реформаның негізгі бағыттарын тағы да нақтылап өтеді. Бұған дейін президент реформаны жүргізу барысында оппозициялық Республикалық партиясының ұсыныстарын ескеретіндігін айтқан еді.

АҚШ – медициналық сақтандыру жүйесі негізінен жеке меншікке берілген Батыстағы жалғыз ірі ел. Миллиондаған американдықтардың медициналық сақтандыру құжаты жоқ.
XS
SM
MD
LG