Accessibility links

Ресей елшісі Грузияға жаңа өкілдің тағайындалуына қатысты өз пікірін білдірді


БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин финляндиялық дипломат Антти Туруненнің БҰҰ-ның Грузиядағы жаңа арнайы өкілі етіп тағайындалуына байланысты өз пікірін білдірді. Дүйсенбі күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-Мун тағайындаған Турунен бельгиялық Джохан Вербекенің орнына келіп отыр.

Нью-Йоркте журналистерге берген сұхбатында Чуркин Вербеке мен Туруненнің мандаттары арасында маңызды айырмашылық бар деп атап көрсетті. Вербеке Тбилисиде орналасқан еді және ол Грузиядағы БҰҰ-ның бақылаушы миссиясын басқарды. Ал Турунен Женевада орналасатып, Еуропа Одағы сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен Грузия-Абхазия
қақтығысының тараптарымен арадағы келіссөздерді үйлестіретін болады.
XS
SM
MD
LG