Accessibility links

Янукович депутаттардан коалиция құруын сұрады


Украина президенті Виктор Янукович, парламенттің таратылуы мен кезектен тыс сайлаудан сақтану үшін, депутаттарды жақын уақытта жаңа басқарушы коалиция құруға шақырды. Сәрсенбі күні парламенттік фракциялардың басшыларымен кездескен Янукович олардан саяси еркіндік танытып, өзара келісімге келуін сұрады.

Юлия Тимошенконың Блогы фракциясы оппозицияға өтетіндігін және коалиция құру туралы келіссөздерге қосылмайтындығын мәлімдеді. Сәрсенбі күні Украинаның Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Тимошенконың үкіметін отставкаға жіберді. 243 депутат оның кеңсесіне сенімсіздік танытты.

7 ақпандағы президенттік сайлаудың екінші турында Юлия Тимошенко Виктор Януковичтен жеңіліп қалған болатын.
XS
SM
MD
LG