Accessibility links

Пәкістан 30 тәліптің көзін жойғанын мәлімдеді


Бейсенбі күні таңертең Пәкістан армиясымен арада Ауғанстан шекарасының бойында болған қақтығыста 30-ға жуық тәліптің көзі жойылды.

Пәкістан армиясы басшылығының мәліметі бойынша, 1 армия жауынгері оққа ұшып, төртеуі жараланды. Қақтығыс - таулы Мохманд ауынындағы армияның күзет постына жақын маңайда болды.

Оның қарсаңында Пәкістан армиясы көрші орналасқан Баджауыр ауданынан тәліптерді ығыстырып шығарғанын мәлімдеген болатын. Шайқас екі жылдай жалғасты.
XS
SM
MD
LG