Accessibility links

Киев: А.Турчинов премьердің міндетін атқарады


Украинаның жаңа үкіметі жасақталғанша бірінші вице-премьер Александр Турчинов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бейсенбі күні Украина үкіметі хабарлағандай, мұндай шешім Украина конституциясына сәйкес қабылданды.

Оның алдында ғана Украина парламенті - Жоғарғы Рада - премьер-министр Юлия Тимошенконың үкіметіне сенімсіздік білдірді.

Жаңа үкіметті жасақтау үшін парламент жаңа коалицияның құрылғанын әлі жариялаған жоқ. Конституция бойынша оған 30 күн уақыт беріледі.
XS
SM
MD
LG