Accessibility links

Грекия полициясы наразылық танытушылармен қақтығысты


Афиныдың орталығында полиция қызметкерлері наразылық танытушылармен қақтығысып қалды. Шерушілер Грекия үкіметінің қаржы дағдарысымен күрес іс-шараларына наразылық танытып отыр. Парламент ғимараты жанында жиналған мыңдаған шеруші тас лақтыра бастаған соң полиция оларға көзден жас шығаратын газ пайдаланды.

Грекия үкіметінің айтуынша, елдің банкротқа ұшырауының алдын-алу үшін шығындарды қысқарту қажет. Елдің екі ірі кәсіподағы наурыздың 11-де халықты жаппай наразылық шарасын өткізуге шақырып отыр. Бұл уақытта елдің премьер-министрі өз үкіметінің дағдарыспен күрес жоспарына байланысты Германияның қолдауына ие болу үшін Берлинге барды.
XS
SM
MD
LG