Accessibility links

Назарбаевпен кездесуде Жәмила Стехликова Қазақстанның шетелдегі беделі туралы айтты


Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қоғамдастығының өкілдерімен кездесті деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Әйел-аналарды көктем мерекесімен құттықтай келе президент


- Мен 8 наурыз қарсаңындағы сіздермен дәстүрлі кездесуімізді «Көктем шуағы» деп атауды ұсынамын. Мен үшін сіздерді тек құттықтап қана қою емес, сонымен қатар сіздермен әңгімелесіп, сіздерді тыңдаған маңызды, - деп атап өткен.

Кездесуде қазақстандық әйелдердің саясатқа, бизнес пен әлеуметтік саладағы рөліне байланысты мәселелер жөнінде пікір алмасылған. Осы кездесуге Чехия үкіметінде бірер жыл министр болған Жәмила Стехликова да қатысты

Қазір Чехия Үкіметі жанындағы тең мүмкіндіктер мәселелері жөніндегі кеңестің төрайымы, осы елдегі СПИД-ке қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарлама директоры Жәмила Стехликова президентпен кездесуде Қазақстанның шетелдегі беделін көтеру үдерісі туралы әңгімеледі деп хабарлайды қазақстандық ақпарат агенттіктері.
XS
SM
MD
LG