Accessibility links

БҰҰ ирақтықтарды жексенбілік сайлауға қатысуға шақырды


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун барлық ирақтықтарды жексенбі күні өтетін дауыс берулерге қатысуға шақырып, ол елдің ымыраға келуіне қарай жасалған тағы бір маңызды қадам болады деді.

Сайлау алды науқанының соңғы күнінде Ирақ қалаларында бірнеше жанкештілік шабуылдар болып, ондаған адам қаза болды.

Бұл 2003 жылы Саддам Хуссейн билігі құлатылғаннан бергі екінші парламенттік сайлаулар болады. Бұл дауыс берулер АҚШ күштерінің Ирақтан шығарылуына алты айдан аз уақыт қалғанда болайын деп отыр.
XS
SM
MD
LG