Accessibility links

Батыстың санкциялары шетелдегі Иран банктерін нысанаға алмақ


БҰҰ-дағы дипломаттардың айтуынша, Иранға қарсы ұсынылған жаңа санкциялар Теһранның шет елдерде банктер құруына қиындықтар әкеліп, қаржылық институттарын шектейді.

Батыстық дипломаттар санкция қарарында Иранның Орталық банкіне бақылау орнатып, ел экономикасына инвестиция келуін қиындату жағдайы ұсынылған деп отыр.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі ядролық жұмыстарын тоқтатсын деген халықаралық талаптан бас тартып келген Иранға үш мәрте санкция енгізген. Жаңа санкциялар төртіншісі болмақ.
XS
SM
MD
LG