Accessibility links

НАТО күштеріне Ауғанстанда түнгі рейд жургізудің жаңа тәртібі енгізілді


НАТО әскерилерінің хабарлауынша, Ауғанстандағы шетелдік жасақтарға түнгі уақытта адамдардың үйіне тінту жүргізу шараларын тек өте қажет болғанда, ауғандық әскермен бірге жасауға нұсқау берілді.

НАТО-ның мәлімдемесінде, Ауғанстандағы НАТО және АҚШ күштерінің қолбасшысы, генерал Стэнлей МакКристал түнгі рейдтердің қалай жүру керектігіне өзгеріс енгізгені айтылған. Оған бейбіт ауғандықтардың шетелдік күштерге деген наразылықтары түрткі болды.

Енді жаңа тәртіп бойынша НАТО күштері тек ауғандық әскердің еріп жүруімен әрі әйелдерді әйел адам ғана тексеріп, тәркіленген мүліктерді тізімге алып, қандай да бір шығындар келген болса, оған өтемақы берілу керек болады.
XS
SM
MD
LG