Accessibility links

Ердоған: АҚШ-тың шешімі өзара байланыстарға үлкен нұқсан келтіреді


Сенбі күні Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Өкілдер палатасының 1-ші Дүниежүзілік соғыс кезінде қырылған армяндарға қарсы геноцид жасады деп Түркияны айыптайтын қарары Құрама Штаттар мен Түркия байланыстарын бұзады деді.

Ердоғанның айтуынша, АҚШ-тың сыртқы істер комитетінің шешімі Түркияға емес, екі елдің арасындағы байланыстарға, ортақ мүдделер мен ұстанымдарға нұқсан келтіреді. Түркия үкімет басшысы бұл туралы түрік кәсіпкерлерінің саммитінде айтты.

Комитеттің шешімінен кейін Вашингтондағы Түркия елшісі Намик Тан еліне оралып, сенбі күні премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанмен, одан кейін президент Абдулла Гүл және сыртқы істер министрімен кездеспекші.
XS
SM
MD
LG