Accessibility links

Пәкістанның ішкі істер министрі талибан жетекшісі өлтірілді деді


Пәкістан ресмилерінің айтуынша, жұма күні пәкістандық талибандардың аға жетекшісі өлтірілді. Хабарларға қарағанда, талибан қолбасшылары Фақир Мохаммад пен Қари Зия-ур-Рехман жертөледе кездесу өткізіп жатқан ғимаратқа тікұшақпен оқ атылған.

Ішкі істер министрі Рехман Малик егер ол осы шабуылдан аман қалса, мен үшін таңқаларлық жағдай болады дей келе, мен бір күннің ішінде олардың қазасы туралы мәліметті алатын боламыз деп айтты.

Министр Малик сонымен қатар тағы бір талибан қолбасшысы Фатех Мохаммад Ауғанстанмен шекаралас Мохманд тайпалы аймағындағы рейд кезінде өлтірілгенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG