Accessibility links

Исландия тұрғындары қарызды өтеуге келіспеді


Исландиялықтар елдің банкінің банкротқа ұшырауынан зардап шеккен Британия мен Нидерландыға миллиондаған доллар берешекті өтеу керек пе дегенге қарсы дауыс берді.

Сенбі күнгі референдумның бастапқы ресми қорытындылары Исландия тұрғындарының 90 пайыздан астамы бұған қарсы дауыс бергенін, тек екі пайыздай ғана адам қолдағанын көрсетті.

Референдумда халықтан 2008 жылы банкортқа ұшыраған Icesave Internet bank-іне салған ақшасын жоғалтқан Британия мен Нидерланды азаматтарына 5,3 млд доллар ақшаны өтемақы ретінде беру керек пе деген мәселе сұралған.
XS
SM
MD
LG