Франция президенті Николя Саркози еуро валютасын қолданатын елдер қарыз дағдарысына тап болған Грекияны қолдауы керек деді. Саркозидың айтуынша, еуроны пайдаланатын Грекияға көместеспеу еуроның еш салмағы жоқ дегендей болады.
Бұл туралы пікірін сенбі күні айтқан Франция президенті жексенбі күні Парижде Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреумен кездеседі. Папандреу Францияға сапарында еуропалық елдердің қолдауын алуға тырысады.
Грекия үкіметінің басшысы жұма күні Германия канцлері Ангела Меркелмен кездесті. Меркель Грекияға саяси қолдау танытатындығын білдіргенімен, қаржылай көмектесу туралы сөз болмады.