Қытай екі елдің арасындағы байланыстарды шиеленістірді деп Құрама Штаттарды айыптады.
Қытай сыртқы істер министрі Ян Цзечи бұл туралы елдің коммунистік партиясы үстімдік құрып отырған парламент отырысында айтып, таяуда Бейжің мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастар қатты бұзылды, оған жауапкершіліктер Қытай жағында емес деген.
Қытай министрі АҚШ-ты Бейжіңнің ұстанымы мен мүддесін сыйлауға шақырған. Екі елдің арасындағы байланыстар АҚШ Тайванға қару сату келісімін жасап, Қытайдағы интернетке бақылауды сынап және АҚШ президенті Барак Обама тибеттіктердің рухани жетекшісі Далай Ламамен кездескен соң салқындай бастады.