Accessibility links

Халықаралық әйелдер күні атап өтілуде


Бүгін әлемдегі көптеген елде Халықаралық әйелдер күні атап өтілуде. Осы күнге байланысты жасаған мәлімдемесінде БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун соңғы 15 жылда әйелдер көптеген жетістіктерге жетті деп атап көрсетті. Оның айтуынша, гендерлік тепе-теңдік саясатын жүзеге асырып отырған мемлекеттердің саны өсуде, көптеген қыздар кемінде орта мектепті бітіруде, және үкіметтегі әйелдер мен кәсіпкерлікпен айналысатын қыз-келіншектердің саны көбейген. Пан Ги-мун сондай-ақ әйелдер душар болатын дискриминация мен әділетсіздік жайттарын да атап өтті.

БҰҰ басшысының айтуынша, сонымен қатар көптеген қыздар мен әйелдер тым ерте тұрмыс құруға мәжбүр болады және олардың кейбірі адам саудасы проблемаларына тап болуда.
XS
SM
MD
LG