Accessibility links

Того үкіметі оппозицияның наразылық шарасына рұқсат бермеді


Того үкіметі сейсенбі күнге жоспарланған оппозициялық партиялардың наразылық акциясына рұқсат бермеді. Оппозиция елде өткен президент сайлауының билік жариялаған қортындысына наразылық білдіруде.

Үкімет өкілі, жұмыс күні қала көшелерінде наразылық шеруін өткізу мүмкін емес деген уәж айтып отыр.

Өткен аптадағы сайлаудың қортындысы бойынша сенбі күні елдің қазіргі президенті жеңіске жетті деп ресми хабарланған еді. Оппозиция сайлау қортындысын мойындаудан бас тартып, әлі де наразылық шараларын өткізетіндігін мәлімдеп отыр.

Өткен жексенбі күнгі наразылық шеруі барысында полицейлер шерушілерді тарқату үшін көзден жас ағызатын газ пайдаланған болатын.
XS
SM
MD
LG