Accessibility links

Ирақ сайлауының бастапқы нәтижесі шығады


Ирақта жексенбі күні өткен парламенттік сайлаудың провинциялардағы алғашқы қорытындылары бүгін шығады деп хабарланды.

Дүйсенбі күні дауыстар саналып, премьер-министр Нури әл-Мәлики жетекшілік ететін шийттердің мемлекеттік заң коалициясы мен оның қарсыласы бұрынғы премьер-министр Аяд Аллавидің зайырлы альянсы өздерінің жеңіске жететіндіктерін айтып жатыр.

Сайлау ресмилерінің айтуынша, 19 млн дауыс берушінің 62 пайызы жексенбі күні өткен парламенттік сайлауға қатысты. Бұл сайлау Саддам Хуссейн билігі құлатылған 2003 жылдан бергі екінші сайлау.

2005 жылғы сайлауда дауыс берушілердің 76 пайызы қатысқан.
XS
SM
MD
LG