Accessibility links

АҚШ қорғаныс хатшысы Ауғанстандағы қолбасшыларымен кездесуде


АҚШ-тың қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс бүгін Ауғанстанның оңтүстігіне барып, аймақтағы талибандарға қарсы соққы беріп жатқан әскери қолбасшылармен келіссөздер өткізіп жатыр.

Сейсенбі күні таңертең Қандағар қаласына барған Гейтс Хельманд провинциясындағы әскери операцияны бақылап отырған АҚШ және британдық генералдармен кездесуде. Әскери жетекшілер талибандар бақылауында болған Ауғанстанның оңтүстігіндегі үш аптаға созылған шабуыл аймақтағы талибандардың көзін құртып жатыр деді.

Гейтс дүйсенбі күні Кабулға барғанда талибандарға қарсы операция сәтті өткенін мойындағанымен, ауыр күндер әлі алда екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG