Accessibility links

Кипрдің бұрынғы басшысының ұрланған сүйегі табылды


Кипр полициясы осыдан үш ай бұрын көрден ұрланған бұрынғы президент Тассос Пападопулостың мүрдесі табылғанын растады. Полиция өкілінің айтуынша, Пападопулостың сүйегіне жасалған ДНК сынағы оның мәйіті екенін нақтылап отыр.

Өткен жылдың 11-ші желтоқсанында Никосиядағы зираттан бір жыл бұрын рак ауруынан қаза тапқан бұрынғы президенттің сүйегі ұрланған. Оның мүрдесі неге ұрланғаны белгісіз болып отыр.

Пападопулос 2003 жылдан 2008 жылға дейін Кипр елінің президенті болған.
XS
SM
MD
LG