Accessibility links

Ахмадинежад Ауғанстанға сәрсенбіде баратын болды


Иран Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, президент Махмуд Ахмадинежадтың Ауғанстанға сапары сәрсенбі күні болады.
Осыған дейін оның бұл елге дүйсенбі күнге жоспарланған сапары болмай қалған.

Енді Ахмадинежад өзінің бір күндік сапарында Ауғанстан президенті Хамид Карзай екі жақты және халықаралық мәселелер бойынша келіссөздер өткізбекші. Иран президенті бірнеше рет Ауғанстаннан АҚШ күштерін шығаруға шақырып келген.
XS
SM
MD
LG