Accessibility links

Медведев Швецияны шешен "бандиттеріне" көмектесуде деп сынады


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев Швецияны шешен "бандиттеріне" баспана беріп отыр деп сынады. Медведев бұл туралы Ресейге сапармен келген Швеция премьер-министрі Фредрик Рейнфелдтпен бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Кремлдегі кездесуден кейін журналистерге берген сұқбатында Ресей президенті Швеция шешен көтерілісшісі Аслан Адаевты бермей отырғанын айта келе, Швеция үкіметі бұл мәселені шешуде бізбен ынтымақтастыққа барады деп үміттенеміз деген.

Шешенстан тәуелсіздігі үшін күрескен Адаевты Мәскеу терроризм мен басқа да қылмыстарға қатысты айыптап отыр, 2008 жылы оны Швеция Мәскеуге экстрадициялаудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG