Accessibility links

Ирақ сайлауының алғашқы қорытындылары кейінірек жарияланады


Ирақтың Сайлау комиссиясы сейсенбі күні шығады деп күтілген парламенттік сайлаудың алғашқы қорытындыларын жариялауды кейінге қалдырды. Сайлау ресмилерінің айтуынша, дауыстардың тек 30 пайызы ғана саналып біткен. Оның енді қашан жарияланатыны туралы айтылмады.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Ирақтағы сайлауларды елдің бірлігіне, егемендігі мен тәуелсіздігіне бастаған маңызды қадам деген мәлімдеме таратты. Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі сайлау күні 37 адамның қаза болғанын айыптады.

Бұл тұста премьер-министр Нури әл-Мәлики жетекшілік ететін шийттердің мемлекеттік заң коалициясы мен оның қарсыласы бұрынғы премьер-министр Аяд Аллавидің зайырлы альянсы өздерінің жеңіске жететіндіктерін айтып жатыр.

Сайлау ресмилерінің айтуынша, 19 млн дауыс берушінің 62 пайызы жексенбі күні өткен парламенттік сайлауға қатысты. Бұл сайлау Саддам Хуссейн билігі құлатылған 2003 жылдан бергі екінші сайлау. 2005 жылғы сайлауда дауыс берушілердің 76 пайызы қатысқан.


XS
SM
MD
LG