Accessibility links

Молдавияда кезектен тыс сайлаудың орнына референдум өтеді


Молдавия президенті қызметін атқарушы Михай Гимпу кезектен тыс сайлау өткізбеу үшін жаңа конституция жобасы бойынша референдум жариялады.

Бұл шешімді билік басындағы «Біздің Молдова» альянсына мүше төрт партияның барлығы қолдады деді Гимпу. Оның айтуынша, референдум 16-маусымға дейін өткізіледі. Одан кеш қалған жағдайда парламент таратылып, сайлау жариялануы тиіс болады.

Молдавиядағы саяси дағдарыс қазіргі парламент екі мәрте ел президентін сайлай алмағаннан кейін туындады.

Өткен жылы маусымда өткізілген парламент сайлауында еуропашыл бағыттағы партия сексен жыл билік басында болған коммунистерді ауыстарды, бірақ олардың сан басымдылығы өте аз болды.
XS
SM
MD
LG