Accessibility links

Қазақстан Ресейден Наурыз банктің бұрынғы басшысын сұрады


Қазақстанның қаржы полициясы Ресейдің құқық қорғау органдарына «Қазақстанның Наурыз банкі» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Оразалы Ержановты елге қайтаруына ықпал етуін сұрап хат жазды. Бұл туралы қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

Бұған дейін қаржы полициясы «Ержанов 1 наурызда Мәскеуде тұтқындалды, оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр» деп хабарлаған еді.

Оразалы Ержанов 3 млрд теңгені талан-таражға салды, ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды деп айыпталды. Бес жыл бұрын оған халықаралық іздеу жарияланған.
XS
SM
MD
LG