Accessibility links

Байден Палестина ресмилерімен кездеспек


АҚШ вице-президенті Джо Байден бүгін Батыс жағалауда Палестина басшыларымен кездеседі.

Осыдан бір күн бұрын Израиль даулы Шығыс Иерусалимде еврейлерге арналған тағы 1600 үй салу жоспарын жариялап, бейбітшілік орнату әрекеттерін қиындатты. Палестиналықтар Шығыс Иерусалимді өздерінің болашақ тәуелсіз мемлекетінің астанасы ететіндігін айтып отыр.

Байден Израилдің жоспарын айыптап, ол Израиль мен палестиналықтардың бейбітшілік жөніндегі тікелей емес келіссөздер бастауына байланысты сенімге кедергі болады деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG