Accessibility links

Forbes журналы миллиардерлердің жаңа тізімін жариялады


Forbes журналының жазуынша, биыл әлемдегі ең бай адамдардың алғашқы ондығына енетіндердің жалпы дәулеті 342 миллиард долларға жеткен. Өткен жылы бұл сома 254 миллиардты құраған еді.

Forbes әлемнің ең бай адамы деп мексикандық телекоммуникациялық магнат Карлос Слимді атап отыр. Оның қаржысы 53,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. Microsoft фирмасының негізін қалаушы Билл Гейтс 53 миллиард доллар қаржысымен екінші орында тұр.

Ең бай адамдар тізіміндегі үшінші адам - 43 миллиард доллары бар американдық инвестор Уоррен Баффет.
XS
SM
MD
LG