Accessibility links

Литва тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуде


Бүгін Литвада елдің егемендік алғанына 20 жыл толуына байланысты мерекелік шаралар өтуде. Вильнюсте Сеймнің мерекелік отырысы өтіп, кейіннен Литва президенті Даля Грибаускайте халықты құттықтап сөз сөйлейді. Мерекелік шара бағдарламасында Литва қорғаныс күштерінің шеруі, ғибадат ету мен мерекелік концерт өтеді деп жоспарланған.

Мерекелік шараға Еуропалық Одақ, АҚШ және ТМД елдерінен қонақтар келді. Ресейден -транспорт министрі Игорь Левитин келсе, Украинадан - елдің сыртқы істер министрі Петр Порошенко қатысуда.

1990 жылдың 11 наурызында Литва – сол кездегі Совет одағы мемлекеттері ішінде алғашқы болып тәуелісздігін жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG