Accessibility links

Н.Азаров – Украинаның жаңа премьері болды


Украина парламенті – Жоғарғы Рада - президент Виктор Янукович ұсынған Николай Азаровты премьер-министр етіп мақұлдады.

В.Янукович сыртқы істер министрі қызметіне Украинаның Ресейдегі елшісі Константин Грищенконы, қорғаныс министріне әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Михаил Ежельді, ал қауіпсіздік қызметінің басшылығына Валерий Хорошковскийді ұсынды.

Украинаның Жоғарғы Радасында «Тұрақтылық және реформалар» деп аталатын жаңа парламенттік коалиция құрылды.

Бейсенбі күні оның спикері Володимир Литвин мәлімдегендей, жаңа коалиция Аймақтар партиясы, Компартия, Литвиннің блогі фракциялары мен тәуелсіз депутаттардың негізінде құрылып, оған 235 депутат кірді.

Оның алдында украин президенті парламент коалициясын жасақтаудың жаңа ережесін бекітті. Оған сәйкес, коалицияға енді фракциялар ғана емес, жекелеген депутаттар да кіре алады. Оппозиция өкілдері мен экс-президент Виктор Ющенко бұл өзгерісті конституцияға қайшы деп бағалады.
XS
SM
MD
LG