Ресей премьер-министрі Владимир Путин бейсенбі күні сапармен Үндістанға баруға тиіс. Нью-Делиге келген соң В.Путин негізінен қорғаныс саласы мен ядролық реакторларға қатысты құны 10 миллиард доллардан асатын келісім-шарттарға қол қоюға үміттенеді.
Ресей премьері, сонымен қатар, екі ел арасындағы жылдық сауда айналымын қазіргі 8 млрд. доллардан 2015 жылға қарай 20 млрд. долларға дейін ұлғайтуға тырысып бағады. Өз кезегінде ресми Нью-Дели үнді бизнесінің Ресейде жұмыс істеуін жеңілдетуді көздейді.
Үндістан – ұзақ уақыттан бері Мәскеудің одақтасы болып табылады және қару-жарағының басым бөлігін Ресейден сатып алады.