Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті адам құқықтары туралы баяндамасын жариялады


АҚШ мемлекеттік департаменті бейсенбі күні әлем елдерінде адам құқығының жағдайы туралы жыл сайынғы баяндамасын таныстырды. Есептің 33 беттік жеке тарауы Қазақстанға арналды.

Баяндамада 2009 жылы Қазақстанда тіркелген адам құқығын бұзу фактілері мен оқиғалары кең көлемде сипатталды. Атап айтқанда, зерттеуде азаматтардың үкіметті таңдау құқығының шектелуі, әскер қызметіндегі кісі өліміне әкеп соқтыратын қиыншылықтар, тұтқындарды азаптау, сот билігі тәуелсіздігінің жоқтығы, сөз бостандығын шектеу, үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне кедергі келтіруі және басқа да фактілер келтірілді.

Есепте Азаттық радиосының тілшісі Ермек Болтайға 2009 жылы 18 қаңтарда жасалған шабуыл туралы да мәлімет бар.
XS
SM
MD
LG