Accessibility links

Ирақта сайлаудың алғашқы алдын ала нәтижелері шығарылды


Ирақта парламент сайлауының алдын ала нәтижелері бойынша, елдің оңтүстігіндегі Наджаф және Бабиль провинцияларында премьер-министр Нури әл-Маликидің шиіт коалициясы алда келеді.

Түрлі діни азшылдық өкілдері мекендеген Дияла провинциясында, сондай-ақ сүнниттік Салах-эд-Дин провинциясында бұрынғы премьер-министр Ияд Аллауи басқаратын қоғамдық бірлік озып тұр.

Күрд партиялары иелігіндегі учаскелердегі дауыстардың 28 пайызын есептегенде, Ирақ президенті Жалал Талабанидің Патриоттық одағы және Күрд автономиялық ауданының басшысы Масуд Барзани төрағалық ететін Күрдістанның демократиялық партиясы көп дауысқа ие болғандығы анықталды.
XS
SM
MD
LG