Accessibility links

Назарбаев жаңа министрліктер ашып, бірқатар министрлерді ауыстырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, жұма күні Астанадағы резиденциясында өткізген жиналыста, мұнай және газ министрлігі құрылғандығын жариялады. Жаңа мекеменің министрі болып Сауат Мыңбаев тағайындалды. Министрлік мұнай-газ секторындағы саясатты жүзеге асырумен айналысады.

Мемлекет басшысы Әсет Исекешовты вице-премьер қызметіне тағайындады. Исекешов бұл қызметпен бірге жаңадан құрылған индустрия және жаңа технологиялар министрлігін басқарады.

Экономикалық даму және сауда министрі болып Жанар Айтжанова тағайындалды. Бюджетті жоспарлау ісі қаржы министрлігінің құзіретіне көшірілді.

Сонымен бірге, мәдениет министрлігі және байланыс және ақпарат министрлігі құрылды. Мұхтар Құл Мұхаммед - мәдениет министрі, Асқар Жұмағалиев - байланыс және ақпарат министрі болып тағайындалды.
XS
SM
MD
LG